Назарбаевқа 30 жыл бойы кешіріммен қараған қазақстандықтар, ендігі жерде Тоқаевты  кешіре ала ма?

Президент Тоқаев үкіметті кезекті рет сынға алып, күзде болған кадрлық өзгерістерге баса назар аударды, әзірге бірқатар сөгіс берумен ғана шектеліп отыр. Мұндай шаралар бақылаушылар тарапынан тым жұмсақ болып көрінгенімен, Тоқаевтың ұстамдылығын ескеретін болсақ, президент күзгі маусым кезінде Қазақстанды қамтитын жүйелі дағдарыстарды алдын ала сезіп отыр деген болжам жасауға әбден болады.

Өз командасын ғана емес, сондай-ақ мардымсыз кеңестері мен ұсыныстары үшін экономистерді де сынай отырып, мемлекет басшысы бұл тұрғыда үкімет тарапынан қалыптасқан жағдайдан қалай шығуға болатыны жайлы түсініктің жоқ екенін мойындады. Өкінішке орай, орын алып отырған ахуалдың елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша қанат жайып, қарқын алып отырғаны туралы әдеттегі сылтаулар, ендігі жерде іске аспауы әбден мүмкін. Әркімнің өз проблемасы өзінде.

Әзірленіп бекітілген ұлттық жоспарлар, мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы жетекші ұйымдар бір сәтте қажетсіз, іске аспайтын әрі қолдануға келмейтін күрделі мәселеге айналды. Ал геосаяси дағдарыс бұған дейінгі стратегиялардың барлығын, атап айтқанда көп векторлы саясат, еуразиялық интеграциялық бағыт, энергия ресурстарынан түсетін кірістердің мөлшерлемесі, мемлекеттің экономикадағы үлес салмағының артуы сияқты басым бағыттарды «нөлге» айналдырды. Елімізден тыс жерлерде қалыптасқан мұндай ахуал ішкі саяси дағдарысқа ұласты: меншік пен ықпал ету салаларын интеграциялау үрдістері, партиялық өрісті бақылау, идеологияны үгіт-насихат жұмыстарымен алмастыруға деген ұмтылыс тәрізді ұғымдар мән-маңызын жоғалта бастады. Жалпы оптимистік бағытты ұстанатын адамдар мұндай құбылыстардың ел ішінде де, сондай-ақ одан тыс жерлерде де орын алатын тектоникалық өзгерістердің бастамасы ғана саналатынын ескертуде. Мұндай жағдайда «кім кінәлі» және «не істеу керек» деген мәңгілік екі сұрақтың жауаптары бірдей болатыны белгілі.

Кім кінәлі және не істеу керек?

Ең әуелі, мемлекет өзін-өзі реформалайды деген ешқандай да қиялдың болмауы қажет. Жеке адам да, жалпы қоғам да, өкінішке орай, кез-келген түбегейлі өзгерістердің әсерінен үнемі өзгеріп отыратыны шындық. Алғашқы, бірақ соңғысы болып саналмайтын мұндай өзгерістер қаңтар айында сезілетін болады, сөйтіп биліктегілер элиталық дағдарыстардың наразылықтармен тұспа-тұс келген сәтінде мұны кездейсоқ қайғылы жағдайлар, сәйкестік ретінде қабылдап өзін осындай құбылыстарға сендіруге тырыса бастайтын болады. Алайда мәселе мынада, бұл екі фактордың алғышарттары жойылған жоқ және осы екі процестің кезеңдері бір-біріне тағы да сәйкес келуі және әлдеқайда жоғары амплитудамен, жылдам қарқындажүруі әбден мүмкін.

Әрине, біршама уақытқа дейін бұған «Назарбаев режимін» кінәлі етіп қоюға да болады. Шын мәнінде, қоғам осылай жасап та жатыр және мұндай түсініктің өміршең болуы үшін белгілі бір уақытша кідірістердің болатыны белгілі. Алайда Тоқаев командасы өз қателіктерін жылдам жинақтап алуға тырысуда, ал мұның салдары дәл қазіргі уақытта және халық өміріне тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Бұл оқиғаның тек бір ғана жақсы тұсы баршылық, ол елімізде қаржының әлі де болса көп мөлшерде болуы. Алайда, мұндай ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы өкінішке орай оңды-солды жұмсалуымен ерекшеленіп отыр. Ал кешіріммен қаралған Назарбаев тұсындағы тойымды да тоқ жылдар, ендігі жерде Тоқаевқа кешірілмейтін болады, себебі басқа уақыт келіп жетті. Жаһанда орын алған геосаясат – бұрынғы моделдердің кемшіліктерін аяусыз әрі тосыннан әшкерелей бастады, әр отбасыға қант тапшылығы, инфляция және болашаққа деген бұлыңғыр үрей-қорқыныш тәрізді ұғымдармен еніп тынды. Барлық жіберілген қателіктер үшін есеп айырысатын уақыт келіп жеткен тәрізді.

Алайда, осындай сынға ұшыраған экономистер ондаған жылдар бойы экономиканы әртараптандыру қажет екенін ескерткен жоқ па еді? Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау емес, арзан әрі ұзақ мерзімді ақша, экономиканы монополиясыздандыру қажет деп дабыл қаққан да экономистер емес пе? Қаржыгерлер тойымды да тоқ жылдары Ұлттық қордың ақшасын прожекторлық жобаларға жұмсамауға шақырған жоқ па? Азаматтық қоғам орталық пен өңірлік арасындағы бюджеттеу жүйесін өзгертуді және халықты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі арқылы қаражат бөлуге тартуды талап етпеді ме? Салалық сарапшылар біздің шикізат экспортының балама жеткізілімдерін әзірлеуге кедергі келтірді ме? Осы жылдар ішінде үкіметке елімізде лайықты жолдар салуға кім кедергі болды?

Сондықтан мәселе төркінін нашар экономистерден емес, олардың ұсыныстарының орындалмауынан іздеген жөн. Бүгінгі таңда декларация мен шынайылылық арасындағы ұғымдарды ауыстыру әлі де жалғасуда. Бұл қоғамның бүгін күтіп отырған, бірақ оны көре алмайтын істің нақты сөздермен сәйкестілігі деген ұғымды білдірсе керек. Демек, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында біздің тарапымыздан тіркелген – Тоқаевқа және мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісінің төмендеуі осы жағдайларға байланысты туындап отыр.

Біздің қоғам, әдеттегідей үміт отын президент Тоқаевтың есімімен тығыз байланыстырады. Президент үміт отынан алданған қоғамның – өміршең болмайтынын жақсы түсінеді. Өз болашағына үрке қарап, қорқынышпен өмір сүретін қоғамның өмірі ұзаққа бармайтынын жете ұғынады. Сондықтан оған басқару билігін ұстап тұру үлкен қиындық тудыратыны анық, бірақ бұл әзірше мүмкін болып отырған әрекет ретінде қабылданып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда ең әуелі бұрынғы вертикалды басқару билігін түбегейлі өзгертуден бастау керек. Ол үшін 01 кезінде қалыптасқан паттерлер бойынша жақсы жұмыс істеген Бірінші Отбасы мүшелерін экономикалық тізбектен алып шығу аса маңызды, бірақ жеткіліксіз саналады.

Оппозицияның айтқаны шындыққа айналды

Қазіргі билікке оппозиция ретінде қабылданатын сарапшылардың жасаған ескертулері, күтпеген жерден өзінің ең қорқынышты бейнесімен іске аса бастады. Алайда жаңа президенттің жаңа серіктестері сарапшы-маман пікірлерінің дұрыстығын мойындаудың орнына, орайы келгенде «реніштерін» одан әрі жалғастыру үстінде, ал ең сорақысы «еститін мемлекет» болудан шаршағандай болып, мұндай құбылыстарды елемеуге тырысып бағуда.

Жауапкершілік аймақтарын қайта бөлуде немесе, қарапайым тілмен айтқанда– менеджмент саласында біршама мәселелер қордаланып, жинақталып қалған, мұны жүйелі түрде шешу қажет. Бұл жерде Тоқаев команданы кәсіпқойлық қағидаты бойынша емес, адалдық пен басқарушылық, жүйеге қосылу және оны өзгерпеу қағидаттары негізінде таңдай отырып, Назарбаевтың қателігін қайталап отыр. Әрине, мұндай тәсілді ескі режимді қалпына келтірудің мүмкіндігі ретінде де түсінуге болады. Алайда мұндай команданың әлсіз тұсы құлаған ескі саяси құрылысты қайтадан қалпына келтіруге жағдай жасай алуында болып отыр. Керісінше болуы мүмкін емес.

Өкінішке орай, мұндай жағдайда мемлекеттік капитализмді жалғастыру – қол жетпейтін сән-салтанат тәрізді көрінеді. Демек, біз шын мәнінде нарықтық экономиканы құруға тиіспіз, оны ешқандай жағдайда да осы уақытқа дейін қалыптасқан әкімшілік-командалық басқару жүйесімен шатастыруға мүлдем болмайды. Нарықтық қатынастар сақталған осындай салалар бүгінде экономиканы өрге сүйреуде. Ал мемлекеттік билік басым болатын жерде, кедергілердің барлығы экономиканы төмен тарта бастайды. Шындығында, экономиканы ырықтандырусыз, шикізаттық емес экономиканы құру мүмкін емес құбылыс. Мұны кезінде Назарбаев 90-шы жылдардың соңына таман түсіне бастады және Қазақстанның реформаларды кейінге қалдыра тұруына қарамастан, мұндай ырықтандыру процесінің жемісін әлі де болса көріп отырғанымыз шындық. Сондықтан елімізге «ми» төңкерісі, яғни оның тасымалдаушылары ауадай қажет.

Ескі жүйемен жаңа Қазақстан құру мүмкін емес тәрізді мәлiмдемелер билiк өкілдерін тағы да ызаландыра түсті. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін болашақ көрсетеді. Бірақ қазіргі қалыптасқан жағдай мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа адамдар ауадай қажет деп санайтындардың пікірі шындыққа айнала бастағанын көрсетіп отыр. Сонда билік өкілдері ызадан: «Жақсы, солай дейік? Сонда мұндай адамдарды қайдан табуға болады? – дейтін болар. Егер мұндай шенеуніктердің айтқан уәждері шынымен шындық болса, онда бүгінгі таңда кәсіпқой мамандар неліктен шенеулік қызметтерге бармайды деген заңды сұрақ туындайды. Қалыптасқан мұндай жағдайдың басты парадоксы – мемлекеттің экономикадағы орасон зор үлес салмағына қарамастан, бірде-бір шенеуніктің кем дегенде бір мәселені шешуге жеткілікті өкілеттігінің жоқтығына байланысты туындайтыны белгілі. Қант мәселесі – мұның айқын дәлелі. Мемлекеттік басқару жүйесі әлдеқашан бұзылып тынды, құлдырай бастаған әлсіз орталық жүйе өңірлерді бақылай алмай отыр, салаарлық өзара іс-қимыл әлдеқашан жоқтың қасы. Аймақаралық өзара іс-қимыл жүйесі де осындай күйде. Осылайша елордада қалыптасқан ахуал – жүйенің өзгермеуі үшін не істеуге болады деген бір ғана идеяға негізделіп құрылған. Ал кез-келген жүйе Орталық-Өңірлер вертикалы жұмыс істеген кезде ғана емес, сондай-ақ салалар мен өңірлер арасында горизонтальды байланыстар болған кезде де жұмысқа қабілетті екені белгілі. Бірақ мұндай құбылыстар толығымен әрекетсіздендірілген болып шыкты.

Мұндай горизонтальды байланыстардың пайда болуына қалайша қол жеткізуге болады?Үкіметті ауыстыру арқылы бола қоймас.Әлбетте, мұндай жағдайда экономистердің, бизнес пен азаматтық қоғамның пікірін тыңдауға тура келетін сияқты.Тек тыңдау ғана шарт емес, сонымен бірге шындықтың әсері арқылы жайлылық аймағынан шыға білу де маңызды саналады.Инфляциямен күресу әдістері туралы қалағаныңызша дауласа беруіңізге әбден болады, бірақ қандай ел құру керек екенін түсініп алмасаңыз, ең бастысы осы әрекеттерді іске асыра бастамасаңыз, онда тұйық шеңберде жүруіңіз жалғаса беретін болады және мұндай зұлымдықты жоя білу қазір ойлағаннан әлдеқайда ауыр болатыны сөзсіз.

Осыдан екі жыл бұрын Тоқаев тың көзқарас танытып, билік пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарттың қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Мұндай шараның қажеттілігі күннен-күнге айқындала түсуде. Оның мән-маңызы мынада: біз сізге еркіндікті неғұрлым көбірек беретін болсақ, сіз өз тағдырыңыздың жауапкершілік жүгін соғұрлым көбірек алатын боласыз сияқты пайымдардан тұрады. Демек, бұл бағыттағы алғашқы қадамды үкімет жасауы тиіс. Әзірге, жаңа Қазақстан туралы қабылданған тезистен басқа, қоғам нақты өзгерістерді көрмей отыр.