Неліктен әлеуметтік маңызы бар тауарлар «сұр аймақта» қалып отыр

Бағаны бақылауда ұстау үшін үкімет орасан зор әкімшілік және қаржылық ресурстарды жұмсап жатады. Мұнымен қоса нақты әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, сұр аймақ қатарында тұрғаны белгілі. Мұндай үрдіс неліктен орын алып отыр және соңы немен аяқталып тынады тәрізді Exclusive.kz сауалдарына, Сауда желілері одағы басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев баяндап берген болатын.

– Үкіметтің инфляциямен күресудің бүгінгі таңдағы рецепі, әкімдіктердің сауда желілеріне шекті баға белгілеуіне келіп саяды. Егер, мұндай үрдіс бұрыннан бері өте тиімді шара ретінде қабылданбаған болса, онда қазіргі таңда, яғни санкциялық шектеулер мен логистикалық тізбектердің бұзылуы жағдайында қалайша жүзеге аспақ?

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселесі күн өткен сайын өткір бола түсуде. Өкінішке орай, мұндай шараның қазіргі қолданыстағы күйіне қарасақ , мүлдем тиімсіз екені көрініп тұр. Жалпы бағаны реттеудің екі құралы бар. Атап айтқанда ӘМАТ арналған 15%-дан аспауы тиіс шекті үстеме сауда бағасын және шекті бағаларды белгілеу.

Әкімдіктер ӘМАТ үшін шекті бағаларды белгілеген кезде, мұндай жағдайдың соңы қалай болмақ, қайда апарып соқтыруы мүмкін? Оның үстіне, ассортименттің негізгі үлесі бөлшек сауда желілерінің сөрелерінен алынып тасталуда, өйткені адамдар тауарларды сатып алған мөлшерден төмен бағаға, яғни арзан бағаға сата алмайды. Сөйтіп, мұндай тауарлар шекті баға көлемі бақыланбайтын базарларға түсе бастайды. Осылайша, өркениетті «аппақ» бөлшек сауда іс жүзінде өспейді, ал мемлекет осындай үрдістер арқылы сұр аймақтағы бөлшек сауда жұмысын ынталандыра түседі. Сұр аймақтағы сауда-саттық көлемі бүгінгі күні, біздің бағалауымыз бойынша 60-70% құрап отыр.

– Алайда біздің білуімізше, мемлекет базарларда да бағаны бақылауда ұстауға тырысатын көрінеді. Сатушылар әкімдік үшін бір баға қойып, ал сатып алушылар үшін нақты екінші баға қоятыны жөнінде күлкілі жағдайлардың орын алатынын жақсы білеміз. Мемлекет сұр аймақтағы бөлшек саудадағы бағаларды, әсіресе оның көлемі 70%-ға жетіп жығылған жағдайда, бақылауда ұстап тұра ала ма? Инфляция деңгейіне қарағанда, ерекше нәтижелер жоқтың қасы …

– Мемлекет мұндай әрекетті жасауға тырысса да, бұған деген ресурс жоқтың қасы. Өйткені, Қазақстандағы сауда нысандарының саны шамамен 60 мыңға жуықтайды. Бірде-бір әкімдікте сауда нүктелерінің оннан бір бөлігіндегі бағаны бақылап, қадағалап отыратын адамдар саны жеткіліксіз. Мұндай ресурстар қол жетімді болса да, базарлар мен дүкендердегі бағаларды тексеру мүмкін емес. Ол жерлерде тауар бағасы үнемі қойыла бермейді, ал фискалдық чектер одан да сирек беріледі. Сондықтан әкімдіктерге сауда желілерін бақылау оңайырақ түседі.

– Демек, шекті бағаларды реттеу – бір жағынан ассортименттің сарқылуына, ал екінші жағынан бағасы әлдеқайда жоғары болатын базарларға қарай ығысуына әкеп соқтырғаны ғой?

Иә, бұл көрер көзге көрініп тұрған құбылыс. Оның үстіне бұл отандық өндірушілерге қатты әсер етеді. Өйткені олар бізге тауарларын шекті бағадан жоғары беретін болса, онда біз мұндай тауар түрінен бас тартуға мәжбүр боламыз. Содан кейін олардың өнімдері де базарларға қарай ығыса бастайтын болады.

– Сонда, мемлекеттік реттеудің мүлдем қарама-қайшы нәтижелерге әкелгені ме? Сізде, осы айтылғандарға қандай да бір Соломонның даналық шешімі бар ма?

– Біз бұл мәселені көптен бері көтеріп келеміз, өткен жылы мемлекет тарапынан да бұған белгілі бір дәрежеде құлақ түріле бастады. Президент бизнес өкілдерімен кездесу барысында бағаны қайта реттеу туралы тапсырма берген болатын-ды. Қазір біз сауда министрлігімен, соның ішінде ӘМАТ бағасын реттеу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекет шекті бағаларды анықтау әдістемесін қайта қарауды көздеп отыр, яғни қайта қарауға ниетті. Енді олар, бағаны қарапайым тілмен айтқанда, нақты статистикалық деректер негізінде анықтайтын болса, онда жаңа жобада мұндай жағдайларды өндіруші бағасына, логистикалық шығындарға және 15% үстеме бағаға байланысты қалыптастыру керек болады. Біз мұндай тәсіл анағұрлым дұрыс деп санаймыз. Сөйтіп, шекті бағалар ӘМАТ-тың ең арзан екі түріне ғана қатысты қолданылатын болады.

– Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың басым бөлігі қалайша көлеңкелі экономика саласында қалып қойды?

– Бұл жүйелі түрде болатын мәселе. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлығы дерлік отандық өндірушілердің өнімдері. Бірақ бүгінде отандық өндірушілер үшін ел ішіндегі тауарларға қарағанда, тауарларды экспортқа сату әлдеқайда тиімді және оңайырақ. Оларға ББКЕС рәсімдеудің қажеті шамалы, салық төлеудің қажеті жоқ, тек экспорттық декларацияны рәсімдеу жеткілікті. Бірақ бөлшек сауда желілері үшін тауарды отандық өндірушілерден сатып алу тиімсіз, өйткені олардың барлығы дерлік ҚҚС төлеушілер болып саналмайды, демек мұндай салықты бөлшек сауда желілері төлеуі керек. Сауда-саттық желілері 15%-дан жоғары баға белгілей алмайтынын ескеретін болсақ, онда арадағы айырмашылық тек 3% ғана құрайтын болады. Бұл айналымның 20-22%-на жететін үстеме шығындарды есептемегенде, еңбекақы төлеу қоры, жалға алу шығындары, салықтар және несиелер бойынша төлемдер болып табылады. Сондықтан бөлшек сауда желілері тауар өнімдерін ҚҚС төлейтіндерден алуға тырысады, алайда нарықта олардың саны онша көп емес. Отандық өндірушіге көлеңкеде жұмыс істеу неліктен оңайға түседі деген сауалдың жауабы, түп төркіні міне осында жатыр.

– Мемлекеттік реттеудің тағы бір түрі – сауда желілерінің жеңілдікпен несие алуы. Жеңілдетілген несиелендіру көлемі 2019 жылы Т2,3 млрд.-тан 2020 жылы Т11,8 млрд.-қа дейін өскенін қалайша түсіндіресіз? Ал 2021 жылы «айналым схемасын» қаржыландыру көлемі Т50,5 млрд.-қа ұлғайғаны белгілі. Бұл уақытта көптеген сауда желілері ӘКК-мен жұмыс істеуден бас тартуда? Мұндай бүйректен сирақ шығару әрекеттерін, яғни осындай парадоксты қалай түсіндіруге болады?

– Біріншіден, бұл сауда желілері үшін үлкен тәуекел саналады. ББКЕС-нен ақша алған уақытта, баға бірден белгілеуі керек, бірақ мұндай келісімдерді мақұл көретін тауар жеткізушілерін іздеп-табу оңай шаруа емес. Соңғы үш айдың ішінде қанттың құны 280 теңге болып белгіленген болса, жеткізушілер екі аптадан кейін бағаны 400 теңгеге дейін көтерген жағдайлар да болды. Екіншіден, ақша қаражатын алу үшін сауда желілері 3-тен 5 желілер 3-тен 5%- ға дейін пайызға дейін банк кепілдігін төлеуі керек. Сондықтан, Magnum-дан басқа, бірде-бір сауда желілелі мұндай қадамға бара бермейді.

Осыған байланысты қазір айналым схемасы қайта қаралып жатыр, енді жерде ақша қаражатын тек ӘМАТ өндірушілерінің өздеріне ғана беруді көздеп отыр. Бірақ, мұндай идеяға олар сақтықпен қарап отырғанын екінің бірі жақсы біледі, өйткені қазір шекті баға үшін жауапкершілік жүгі өздеріне түсіп отырғаны белгілі.

Сонымен қатар, мұндай қадам мемлекет үшін жұмыс механизмі саналады. Иә, мұндай әрекеттердің нарықтағы бағаның өсуін тежейтіні белгілі. Бөлшек сауда желілері туралы айтатын болсақ, бұл жерде олар бірінші кезекте бір-бірімен емес, базар нарығы мен өздерінің үй-жайларында орналасқан дүкендермен бәсекелесетінін түсіну өте маңызды. Мәселен, Magnum желісі Тараз қаласында әрекет ете бастаған кезде, шамамен алғанда бір ай ішінде базардағы бағалар шамамен 15%- ға төмендегені белгілі. Мұндай әрекеттер барлық аймақтарда он алды. Сөйтіп, нарықтағы баға – сауда желілеріне теңестіріле бастады. Сауда-саттық желілерінің көлемі аз болғанына қарамастан, олардың бағаға әсері болғаны көзге көрініп тұр.

Жеңілдіктер сән қатарынан шығып жатыр

– Сіз, көптеген жаһандық өндірушілердің тауар жеткізілімдеріне кепілдік бере алмауына байланысты, тауар тапшылығына деген жетіспеушілікті болжай аласыз ба?. Мұндай үрдістер Еуропа мен Түркиядан келетін импорттың артуына әкелетіні анық, яғни бізді бағаның жаңа кезеңі күтіп тұр деген сөз. Бұл жерде не істеуіміз керек? Тауарлардың арзан сегменттеріне деген сұраныстың қазірдің өзінде өсіп жатқанын ескеретін болсақ, бұл сатып алу қабілетіне қалайша әсер етпек?

– Мұның бәрі әлдеқашан орын алғаны белгілі құбылыс. Ассортименттің азайып бара жатқаны сөзсіз. Қазақстандағы тауарлардың кейбір санаттары бойынша импортқа деген тәуелділік өте жоғары. Сондықтан бөлшек сауда желілері өз брендтерін белсендірек дамыта бастады, сөйтіп тауар өндірушілерімен тікелей келіссөздер жүргізе отырып, өздерінің тауар брендтері арқылы сұранысы жоғары тауарларды шығара бастайды. Бұл – көптеген елдерде кең таралған тәжірибе.

Бағаның өсуіне байланысты тұтынушылар жарнамалық тауарларды іздей бастайды. Алайда тауарды жеткізушілер: «Ассортимент азайды, сұраныс жоғары және акцияларды өткізудің мән-маңызын көріп тұрған жоқпыз» дейді. Әрине, акциялардың саны азаятыны белгілі, бұл өкінішті жағдай. Бағалар тек өсетін болады. Иә, логистикалық мәселелер пысықталу үстінде, бірақ мұндай мәселелердің шешімі табылатын болса да, бұл кез келген жағдайда бағаның өсуіне әкеледі. Жаһандық брендтердің барлығы өндірісті Ресейден Қазақстанға көшіруге дайын емес – біздің трансұлттық компаниялар үшін нарық қолы қысқа, сондықтан жергілікті өндіріс ошағын ашуға адамдардың бәрі дайын емес.

– Бірақ, шенеуніктер мұндай жағдайда инфляцияның бүкіл әлемде өсіп жатқанын, оның ішінде саудасы да өркениетті, мемлекеттік реттеулер жоқ дамыған елдерде де бар екенін алға тартады. Сонда, арадағы айырмашылық неде?

– Арадағы айырмашылық – дамыған елдерде азық-түлікке жұмсалатын негізгі шығындар, шығындардың басты бабы саналмайды. Ал, Қазақстанда орташа отбасы шығынының жартысы тек тамақтануға кететін шығындар. Сондықтан, бұл біз үшін өте өткір мәселе болып отыр.

– Көлеңкелі сауда-саттықтың – баға тұрғысынан алғанда жеңіске жетіп, ұтатыны белгілі, өйткені мұндай әрекеттің белгілі бір салықтың, адал ниетті жалақыны және т.б. төлемейтіні белгілі. Үкімет тарапынан осындай сұр аймақ санатындағы саудагерлердің, көлеңкелі бизнестен шығуға ынтасын арттыруға бағытталған шаралар жоспары қарастырылған ба?

Мұның шешімі өте қарапайым – салықтық әкімшілендіру үрдісін жеңілдету және жалақыға салынатын салықты төмендету қажет. Бұл жерде еңбекақы қорына төленетін салықтар мен басқа да төлемдердің 32%- ды құрайтынын ескеру керек. Бұл көптеген жағдайлардан сыр береді және ШОБ, тіпті ірі бизнес өкілдері де мұндай ақшаны төлеуге әрдайым дайын емес. Демек, бұл жерде конверттік экономика деген ұғымның пайда болатыны анық. Ал, сауда-саттық сауда желілері мұндай әрекеттерге қол жеткізе алмайды.

– Десек те, мұндай әрекеттерге екінің бірі бара бермейтінін түсініп отырған боларсыз?

Менің ойымша, жамандық атаулының мейлінше аз болуын таңдауға тура келеді. Сұр аймақтағы экономика дегеніңіз бұл жоғалған салықтар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік тәуекелдерді де білдіреді. Мемлекеттік органдар мұны жақсы түсінеді, бірақ экономиканы ақтайтын шешімдер қабылдауға жауапкершілікті мойындарына алуға дайын емес. Жақын арада шағын және орта бизнес үшін бірыңғай төлемді қарастыратын заң жобасын Парламентке жолдау күтілуде, бұл экономиканың гүлденуіне оң әсер ететініне сенімдімін.

– Осы уақытқа дейін «Алтын Орда» еліміздегі баға белгілеу орталығы болып саналып келді. Алайда, бірнеше айдан бері осынау ең үлкен базар нарығы құқық қорғау органдарының назарында тұрғаны белгілі. Енді жерде өзгерістер орын ала ма? Алтын Орда монополист рөлін жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?

– Біз «Алтын Ордамен», олардың тауар жеткізушілерімен жұмыс жасау үстіндеміз. Нарық жүйесі – оның айналасында болып жатқан оқиғаларға қарамастан дамып жатыр. Меніңше, өнімнің қомақты бөлігі айналымға түсетін базарды, ешкім де жауып тастамайды.

– «Алтын Орданың» «ақ» ниетті жұмысқа кірісуіне мүмкіндік бар ма?

– Ондай мүмкіндік болса, барлық базарларды ақтап шығу жайында сөз қозғау керек. Бірақ, оларды салық төлеуге мәжбүрлейтін болса, онда олар бағалық бәсекелестік басымдықтарын жоғалтатын болады. Бұл жүйелі мәселе саналады.

– Мұндай жағдайды жақсы түсінетін адамдар, шын мәнінде республика бойынша жеткізушілер өте аз дейді. Бағалар делдалдардың тізбегіне байланысты өсіп жатыр, олардың әрқайсысы көтерме саудагер болып табылады. Алайда, осындай базарлардың көтерме саудагерлермен жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаса, онда ірі бөлшек сауда желілері тікелей жеткізушімен жұмыс істей алатыны белгілі. Сауда-саттық желілері мен тауар жеткізушілері арасындағы өзара әрекет ету үрдісі қалай көрінеді? Олар әрдайым тікелей жұмыс істей ме және делдалдар қай жерде пайда болады?

– Сіз маған өткір де дұрыс сұрақ қойдыңыз. Бір жағынан, ең көп тауар жеткізушілерімен, өндірушілерімен жұмыс істеу керек дейтін монополияға қарсы органның бар екенін жақсы білеміз. Екінші жағынан, заңды тұлға ретінде тіркелуі заңға қайшы танылған компанияларды үнемі анықтап отыратын салық органдары да бар.

Сауда-саттық желілері үшін бұл өте үлкен мәселе. Кіммен жұмыс істеу керек тәрізді сауалдың туындайтыны белгілі. Кез келген жаңа тауар жеткізушімен жұмыс істеген сәтте, бұл ықтимал жарылғыш мина тәрізді құбылыс ретінде көрінеді. Тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда, өнімнің жалпы айналымының 32%-ын төлеуге тура келеді деген қауіп үнемі болады. Сонымен қатар, өндірушілердің өзі бөлшек сауда желілерімен тікелей жұмыс істеуге әрқашан дайын емес. Сауда желілерінің бәсекелестік артықшылығы –бұл төмен баға кезінде болатын кең ауқымды ассортимент. Бұл – біз үнемі жұмыс істейтін әрекеттер. Әрине, біз делдалдардың аз болуына мүдделіміз, бірақ мұндай ұмтылыстың үнемі нәтиже бермесі анық.

– Қаңтар оқиғасы кезінде ірі бизнес субъектілеріне келтірілген шығынның өтелмегені белгілі болып отыр. Мұндай әрекеттер қандай себептерге байланысты орын алды және оның салдары қандай болмақ?

– Бұл сауда желілері үшін үлкен қасірет. Шын мәнінде мемлекет – бизнес салық төлейді, ал мемлекет қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді деген қоғамдық шартты бұзған болып щықты. Сауда желілері одағының мүшелері 2021 жылдың өзінде 60 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Бірақ, біз қаңтарда 40 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшырадық. Барлығына қолайлы шешім табылды – салық заңнамасына КТС төлемдерін азайту арқылы өтемақы қарастырылған өзгерістер енгізілді. Бірақ белгісіз себептермен үкімет президенттің бұйрығына қарамастан мұндай әрекетті жүзеге асырудан бас тартты. Сауда желілерінің зиян шеккені аздай, мемлекет келтірілген залал сомасына ҚҚС төлеуге міндеттеп отыр. Қоғамда сауда желілерінің халыққа қызмет етуі азды-көпті мәселе ретінде қаралып отырғаны белгілі. Алайда, біз келіссөздер процесін қайта жандандыруға деген үмітімізді әрқашан жоғалтпаймыз.