Құндылықтардың жікке бөлінуі: жастар Батысты, ал аға буын өкілдері Ресейді  жақтап отыр

Қазақстандықтар Орталық Азия мемлекеттерімен және түркі халықтарымен интеграциялануға, яғни ықпалдасуға дайын. Қазақстандықтардың 63%-ы аталған елдермен және халықтармен ынтымақтастық жасауды толығымен қолдайды. Алайда, респонденттердің 60%-ы Ресеймен бірігуді жақтап отыр. «Qalam» қоры жүргізген социологиялық сауалнаманың нәтижелері міне, осындай.

Мұндай әрекеттер қазақстандықтардың өзіндік көзқарасын танытатыны белгілі, әрине біз үшін аталмыш әрекеттердің маңызы қашан да зор болмақ. Бұл дегеніңіз сәйкестікті іздеу орталықтары бүгінде Орталық Азиямен және түркі халықтарымен (әрқайсысы 63%-дан) тығыз байланыста деген ұғымды білдірсе керек. Алайда, Ресеймен және ТМД елдерімен интеграцияны қоғамның айтарлықтай елеулі бөлігінің қолдап отырғанын біз жақсы сезініп отырмыз (сәйкесінше 60% және 55%-дан). Америка Құрама Штаттарында интеграцияны қолдаушылардың саны өзге елдерге қарағанда барынша төмен, 42%-ды құрайды.

1-сурет. Сіз қай елдермен интеграциялануды қолдайсыз?

Тұрғындардың басым бөлігі, яғни жартысынан сәл астамы (55%) Қытаймен және бұрынғы кеңестік республикалар – ТМД елдерімен интеграциялануға келіседі. Еуропамен бірігуді қолдайтындар саны аз (53%), тұрғындардың жартысына жуығы Америка Құрама Штаттарымен интеграциялану процесін қолдайды 42% және 45%-ы Америкамен ынтымақтастыққа «қарсы». Халықтың басым көпшілігі Оңтүстік-Шығыс Азиямен елдерімен интеграцияны қолдамайды (43%-ы қарсы, 44%-ы «қолдайды»).

Осы тұрғыдан алғанда халықтың интеграциялану процесін кіммен және қандай мемлекеттерге қатысты қолдайтынын көрсететін, аймақтық бөлініс бөлігінде алынған ақпараттармен танысу маңызды болмақ. Төменде интеграция мәселесі бойынша зерттеу нәтижелерінің графикалық көріністерімен таныса аласыздар.

1-кесте. Облыстар бойынша интеграцияны қолдаушылардың үлесі

Облыс Орталық Азия Түркілер Ресей Қытай ТМД Еуропа ОШ Азия АҚШ
Ақмола облысы 89 83 65 88 71 69 80 41
Ақтөбе облысы 79 66 86 69 42 51 31 42
Алматы облысы 64 73 47 45 52 70 59 52
Атырау облысы 73 66 87 68 29 17 7 15
Абай облысы 37 29 32 30 59 30 24 17
Шығыс Қазақстан облысы 54 58 74 74 65 50 46 43
Батыс Қазақстан облысы 55 49 72 62 71 42 42 38
Жамбыл облысы 86 75 93 63 57 46 30 32
Жетiсу облысы 69 92 86 91 66 90 52 68
Қарағанды облысы 68 65 68 53 41 43 34 36
Ұлытау облысы 46 46 44 41 49 46 43 40
Қостанай облысы 88 90 85 70 86 74 63 68
Қызылорда облысы 58 76 43 66 61 49 47 54
Маңғыстау облысы 59 60 36 30 65 79 78 57
Павлодар облысы 33 42 52 29 33 38 28 39
Сотүстік Қазақстан облысы 52 54 32 29 82 57 58 40
Түркістан облысы 82 68 85 76 45 48 38 44
Шымкент қ. 88 79 94 87 56 60 64 50
Алматы қ. 35 43 15 17 44 55 41 31
Астана қ. (Нұр-Сұлтан) 58 46 34 46 51 47 53 47

Шымкент қаласының (88%), Ақмола (89%), Қостанай (88%), Жамбыл (86%) және Түркістан (82%) облыстарының тұрғындары Орталық Азия елдерімен ықпалдасуға барынша бейім.

Павлодар (51%) облысындағы, сондай-ақ Абай облысындағы (48%) және Шығыс Қазақстан облысындағы (41%) респонденттердің басым бөлігі Орталық Азия елдерімен интеграцияның қажеттілігіне күмән келтіреді және жауап беруге қиналады.

Түркі халықтарымен интеграциялану процесін Жетісу облысында (92%), Қостанай (90%) және Ақмола облыстарында (83%) тұратын респонденттер көбірек қолдайды.

Жоғарыда аталған үш облыста, атап айтқанда Павлодар облысында (41%), сондай-ақ Абай облысында (47%) және Шығыс Қазақстан облысында (39%) респонденттердің басым бөлігі түркі халықтарымен интеграцияның қажеттілігіне күмәнмен қарайды және жауап беруге қиналады.

Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты барлық облыс бірдей қолдай бермейді. Шымкент қаласының (94%), Жамбыл облысының (93%) тұрғындары Ресеймен интеграциялануды мақұлдаса, Түркістан (85%) және Ақтөбе (86%) облыстарының тұрғындары, сондай-ақ Жетісу (86%), Қостанай облыстарында (85%) және Ақмола облысында (65%), Шығыс Қазақстан облысында (74%) және Батыс Қазақстан облысында (72%) тұратын респонденттер Ресей Федерациясымен бірігу процесін қолдап отыр.

Алматы қаласының (76%), Маңғыстау облысының (43%) және Солтүстік Қазақстан облысының (44%) тұрғындары ықпалдасу мәселесіне қарсылықтарын білдірді. Алматы облысында зерттеу нәтижелері бірдей, тепе-теңдік: 47%-ы «жақтап» дауыс берсе, осынша адам бұған «қарсы».

Павлодар облысында (45%) және Абай облысында (37%) жауап беруге қиналғандардың саны бұрынғысынша көп.

Аталған бағыттағы интеграцияны белсенді қолдайтындардың қатарында жаңадан құрылған Жетісу облысының (91%), Ақмола облысының (88%) және Шымкент қаласының (87%) тұрғындары көптеп кездеседі.

2-кесте. Облыстар бойынша интеграцияны қолдамайтындардың үлесі

Облыс Орталық Азия Түркілер Ресей Қытай ТМД Еуропа ОШ Азия АҚШ
Ақмола облыс 5 13 27 10 21 21 17 49
Ақтөбе облысы 21 34 14 31 58 49 69 58
Алматы облысы 31 24 47 48 41 25 39 44
Атырау облысы 27 34 13 32 71 83 93 85
Абай облысы 14 23 30 28 5 24 36 31
Шығыс Қазақстан облысы 5 4 8 6 5 5 6 10
Батыс Қазақстан облысы 45 51 28 38 29 58 58 62
Жамбыл облысы 14 25 7 37 43 54 70 68
Жетiсу облысы 31 7 13 9 34 10 48 31
Қарағанды облысы 28 30 24 41 53 52 62 59
Ұлытау облысы 43 34 34 35 35 34 35 43
Қостанай облысы 10 7 11 26 10 23 32 27
Қызылорда облысы 10 8 33 12 13 20 18 16
Маңғыстау облысы 23 21 43 53 21 12 11 27
Павлодар облысы 16 17 4 25 19 14 21 13
Сотүстік Қазақстан облысы 33 32 44 37 6 15 12 25
Түркістан облысы 18 32 15 24 55 52 62 56
Шымкент қ. 12 21 6 13 44 40 36 50
Алматы қ. 61 52 76 77 48 38 53 62
Астана қ. (Нұр-Сұлтан) 11 22 37 26 23 27 19 27

Өздеріңіз көріп отырғандай, Америка Құрама Штаттарына қатысты бағыттылық векторы жағымсыз сипатқа ие. Қойылған сауалға жауап берген респонденттердің арасында жауап беруге қиналғандар саны көптеп саналады, теріс көзқарасты ұстанатындар да жетіп жығылады.

Интеграциялық бағыттарды қабылдауға адамдардың жас мөлшері де әсер ететіні анық. Аға буын өкілдері Ресеймен бірігуді белсенді түрде қолдайды, ал Еуропамен және Америка Құрама Штаттарымен интеграцияға жағымсыз көзқараспен қарайды.

2-сурет. Жас санаттары бойынша интеграцияны қолдау

18-24 жас аралығындағы жастар кез келген бағытта жасалатын интеграцияға адал пиғылмен қарайды, барлық жастағы адамдардың басым көпшілігі Америка Құрама Штаттарымен және Еуропамен ынтымақтастықты қолдайды. 45-54 және одан жоғары жастағы респонденттер ТМД елдерімен бірігу процесін мақұл көреді. 18-44 жас аралығындағы жастар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен интеграцияны қолдайды, аға буын өкілдері аталған бағыттағы ынтымақтастықтың қажеттілігін мейлінше аз түсінеді.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2500 адам қатысқан болатын. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтыққа сүйене отырып:

– 62% қала және 39% ауыл тұрғынынан;

– 18 бен 94 жас аралығындағы ерлердің 47%-нан және әйелдердің 53%-нан;

– қазақтардың 65%-нан, орыстардың 24%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 12%-нан сауалнама алынды.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 27%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 26%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 8%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 40%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 38%-ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 15%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 7%-ы кірістерін атаудан бас тартты.

Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: басым бөлігі жоғары (49%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 13%-ның орта білімі бар.

Аталған тақырып бойынша өзге де материалдар: Халықтың әкімдерге деген сенімі барынша төмен, Қазақстандықтардың жартысынан көбі Тоқаевқа дауыс беруі жөн санайды, Президент пен мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі үшінші тоқсанда артып отыр.