Бұл бастама Ертіс өзенінде жоғалып кеткен Сібір бекіресінің қорын қайта қалпына келтіру мақсатында іске асырылуда.
Сібір бекіресі шығыс аймақта Ертіс өзенінде, Зайсан көлінде және Қара Ертісте таралған. Бүгін Абай өңірінде осы балық түрін көбейту мақсатында Ертіске бекіре шабақтары жіберілді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, бұл жобаға бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмады. Бастамаға негіз болған бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысатын кәсіпкерлік. ⠀
"Бұл Ертіс өзенінің тарихи балық қорын қалпына келтірудегі маңызды қадам. Өйткені Ертіс өзені Сібір бекіресінің бұрыннан мекендейтін жері. Жалпы, Абай облысындағы балық шаруашылығын дамыту әлеуеті бар. Облыста халықаралық және республикалық маңызы бар өзен-көлдерден бөлек, жергілікті маңызы бар су қоймалар жетерлік", деді Нұрлан Ұранхаев.
Мамандардың айтуы бойынша өзенге жіберілген бекіре шабақтары алғашқы уақытта жаңа мекендеу ортасына үйренеді. Сондықтан суға жіберілгенде бірден жағадан жүзіп кеткен жоқ.
"Балықтарды ашық су қоймасына жібермес бұрын, Ертістің түрлі аудандарын зерттедік. Шаған кенті ауданына жақын орналасқан Ертісте арнайы ойықтар бар. Бұл шабақтардың қыз мезгілінде мекендейтін орны деп айтуға болады", дейді балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Бауыржан Әубәкіров.
Бекіре шабақтарының салмағы шамамен 50-100 грамм. Мамандар, бұл балықтың жаңа тіршілік ортасына үйренуі үшін тиісті көрсеткіш екенін айтты.
Сурет: автордікі
Незаконную религиозную деятельность под видом благотворительности выявили в Костанае
Казахстан воспринимается в качестве одной из ключевых стран Центральной Азии – российский политолог
В стране появится совет по управлению госдолгом
Не стало актера из сериала «Молодежка»
Немка стала первым человеком с параличом, слетавшим в космос
Дедушка женился на женщине вдвое моложе и хочет продать квартиру. Совет юриста
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио