Дариға Назарбаева қызметінен кетуі керек – Айдос Сарым

Депутат Айдос Сарым Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева отставкаға кетуі керек деп есептейді.

— Қазіргі жағдайға байланысты ол адам ретінде, азамат ретінде отставкаға кетуі керек. Бұл жағдай оның есімімен байланысты және бұл дұрыс болар еді, — деді Айдос Сарым.

Айта кетейік, Назарбаева қаңтардағы наразылықтар басталғаннан бері Мәжіліске келмеді. Ресми нұсқа бойынша, ол коронавирус жұқтырған.

— Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда, — деді Жанна Ермекова.