Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанға барды
10.02.2022
Қазақстан президенті Татарстан астанасына барды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алған.
— Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «КамАЗ» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады, — деді Берік Уәли.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізген.
Я родилась 16 декабря
Переезд без потери пенсии: казахстанцы смогут перевести накопления в Монголию
В Астане прошел первый тренинг для СМИ в рамках проекта "Закон и порядок"
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области
Правительство ввело новый порядок исполнения рекомендаций ВАП по бюджету