ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау бойынша 15 істі қарап жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 істі қарап жатыр. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты азаматтар мен құқық қорғаушылардың мәліметтері негізінде қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Президентке бүгінде 3 070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берілген. Оның 2710-ын, соның ішінде, негізінен, ұрлық, тонау, бұзақылық, қару ұрлау және басқа да қылмыстарды ішкі істер органдары тергеп-тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, Бас прокурордың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізіп жатқанын жеткізді.

Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында.