Алматыда әкімдікті басып алуға қатысқан екі шетел азаматы анықталды

Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Бас прокуратура қаңтардағы лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатқанын жеткізді.

— 2022 жылғы 5 қаңтарға қараған түні Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы анықталды. Олар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерден құралдарын (қалқандар, таяқшалар) тартып алып, ұрып-соққан, — делінген хабарламада.

Бас прокуратура «Көк төбе» телемұнарасын басып алуға бейбіт тұрғындарды үгіттеген және олардың өміріне қауіп төндіргендердің ұсталғандары туралы айтты.

— 1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Ол 25 қаңтарда сот санкциясы бойынша қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Foto: t.me/bazabazon