Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» ұлттық арнасына мемлекеттік тілде сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді. Елді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
«Жыл басында болған оқиға көп адамның өмірін жалмады. Солардың бәрі лаңкес пе?» деп сұрады журналист.
— Бастапқыда бейбіт шерулер болды. Бәріміз көрдік. Арандатушылар пайда болды.
Бүлікшілер мыңдаған қаруды ұрлап кеткен. Сол қарудан әлі де атуы мүмкін. Бұл кәсіби қарақшылардың нағыз ісі. Бұл алдын ала жоспарланған әрекет. Лаңкестер алаңда болып, құқықбұзушыларды бастады. Бейбіт азаматтар да болды. Оларды ақтап алу керек. Бұл күрделі жұмыс. Лаңкестер жағдайды ушықтырды, — деді мемлекет басшысы.
Журналист бұл әрекетті төңкеріске жата ма деп сұрады.
— Бұл оқиғаны ел ішінде әртүрлі атап жүргенін білем. Қалай болғанда да қаралы күндерді бастан өткердік. Оның бәрін ескердік, ел болып. Нағыз отаншыл азаматтар мұндай опасыздыққа бармайды. Елімізге, тұтастығымызға, халқымызға қарсы жасалған әрекет. Бұл менің жеке пікірім, — Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдын ала тергеу нәтижелері туралы айтты.
Бас прокуратура нақты ақпаратты таратып жатыр. Қандай да нәтиже туралы айту әлі ерте. Бұл өте ерекше іс. Тергеу құпия түрде өтіп жатыр. Көп ұзамай халықты мазалап отырған сұрақтарға жауап беріледі. Міндетті түрде, — деді президент.