Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзив сұхбат берді. Сұхбат Qazaqstan ұлттық арнасында көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз жіберілген қаражатты қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді.
— Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Бұл мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз, — деді ол.
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы