Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директор ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады,

— Атырау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға және Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша басқа тұлғаларға қатысты Атырау МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, — делінген ведомствоның Telegram-арнасындағы хабарламасында.

Айта кетейік, агенттік тергеу жалғасып жатқанын және тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.