Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көп балалы ананы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратпен бөлісті.
Өткен жылдың наурыз айында «Алтын алқа» иегері, жеті баланың анасы Құлсарының 25 жастағы тұрғынын өз атына несие ресімдеуге көндірген. Сондай-ақ, несиені уақытылы төлеп тұруға уәде берген. Алайда, баспаханада тазалаушы болып жүріп, несиені төлеу мүмкін болмайды.
Әйел өзіне несие алып берген азаматқа себептерін түсіндіреді, бірақ оның түсінгісі келмеген. Өткен жылдың қараша айында ол көп балалы ананы жұмыстың жанында күтіп, оған бірнеше рет пышақ салады. Нәтижесінде әйел қайтыс болды. Жеті бала жеті атанды, үлкені колледжде, ал ең кішісі бес жаста.
Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.