«Болашақ» бойынша техникалық бағыттарға гранттар саны өседі

«Болашақ» бойынша техникалық бағыттарға гранттар саны өседі

Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 36%-тен 60%-ке дейін өседі. Бұл оқытудың осы бағыттары бойынша үміткерлерді қолдаудың қосымша шараларының бірі.

— ҚР БҒМ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бағдарламаны қайта бағдарлау процесін бастады. Енді инженерлік-техникалық кадрларды дайындау басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жеңілдетілген санатын енгізу қарастырылып жатыр.

«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар міндетті түрде шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдай алады, – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Әнуар Жанғозин.

Техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. ҚР БҒМ енді 5.0 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылғанын хабарлады. Бұл шаралар техникалық мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігін кеңейтеді.