Мәжіліс депутаттары Файзулла Каменев, Сергей Решетников және ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, депутаттардың өздері өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген.
– ОСК Конституцияның 52 – бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беруіне байланысты ұсыныс енгізеді, – деді Өтемісов.
Депутаттар Каменов пен Рашетниковтың өкілеттіктерін тоқтатуға дауыс берді.
– Мәжіліске ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түсті. Дауылбаев Ерлан Сламханұлы 2020 жылғы 15 Қаңтарда тағайындалды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 6 – бабының 1-тармақшасына, 19-бабының 6-тармағына сәйкес ОСК мүшесі өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш берген жағдайда өз міндеттерінен босатылады, – деді мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов.
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы