Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Оператор РОП ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы 2016-2021 жылдар кезеңінде кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — делінген ведомствоның Telegram-каналындағы хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін хабарланғандай, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Нұр-сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы