Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Президент Жолдауында бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Солардың бірі, бұрынғы Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысын құру және Семейде Абай облысын құру.
— Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, президент бұрынғы Талдықорған облысы аумағында Жетісу облысын құруды ұсынды.
— Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады, — деді Тоқаев.
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении
Частного судоисполнителя осудили за присвоение более 370 млн тенге в Алматы