Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы маңызды архитектуралық ескерткіштердің бірі – Оқушылар сарайын аралап көрді. Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.
Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді, — делінген хабарламада.
Тоқаев балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын соңғы үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты. Сондай-ақ, Оқушылар сарайына автобус сыйлады.