Қазақстанда QR-кодтарды пайдалану ұсынылды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
— Кеңеске қатысушылар қалыптасқан жағдайда саудадағы техникалық реттеу шараларын талқылады. Атап айтқанда, бизнес-қоғамдастық өкілдері импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік тілде және орыс тілінде этикеткалар мен қойындыларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай шешім қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, көбейтуге және бекітуге байланысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Балама ретінде уақытша негізде тауарлар туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын сөрелерде тауарлық QR-кодтарды пайдалану ұсынылды.
Премьер-министр отандық бизнес өкілдерінің бастамасын қолдап, Қазақстан Республикасы президентінің тиісті Жарлығының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оны ағымдағы аптаның соңына дейін мемлекет басшысының қарауына енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызда өтеді.