Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға айтарлықтай зақым келгені айтылды. Аталған құбыр арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екісі сыртқа тасымалданатын.
Консорциум мамандары танкерлерге мұнай құятын үш қондырғының екеуі айтарлықтай зақымданғанын айтты. Қазір тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Құбырларды жөндеуге қажетті жабдықтарды сатып әкелуге дейін мұнай тасымалының көлемі жоспардан үш есеге дейін азаюы мүмкін.
Каспий құбыр желісі консорциумының үлесіне «Транснефть», «Роснефть», «Лукойл», «ҚазМұнайГаз», Chevron, Mobil, Shell, Eni сынды компаниялар иелік етеді.
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении