Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Елтаңбасының авторын құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.
Берік Уәли бүгін мемлекеттік Елтаңбаның авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлының 80 жасқа толғанын атап өтті.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі, — деп жазды ол.
Бұған дейін Наурыз мерекесі қарсаңындаңы мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении