Бас прокуратурада Заманбек Нұрқаділовтың өлімі туралы қылмыстық істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берілді.
— Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтың үндеуі ведомствода қаралуда, — делінген Бас прокуратураның Telegram-каналында.
Заманбек Нұрқаділов — қоғам қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі, Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы. 2005 қайтыс болды.
Более 116 млрд тенге: итоги сельхозпроизводства в Атырауской области
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России