Мұхтар Ерман ОСК мүшелігіне тағайындалды
ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қарастырып, оны ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына ұсынды.
ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, Мұхтар Ерман өзі өтініш берген.
— Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. Осыған байланысты ОСК Конституцияға және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді, — деді Шавхат Өтемісов.
Конституцияға сәйкес Мәжіліс төрағасының Мұхтар Ерманды ОСК мүшесі лауазымына тағайындауға ұсынысы енгізілді.
— Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес ОСК мүшесі лауазымына Ерманның кандидатурасы қаралды. ОСК мүшесі лауазымына Мұхтар Ерманның кандидатурасын қолдауды сұраймыз, — деді Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов.
Айта кетейік, депутаттар палатаның тиісті қаулысын бірауыздан қолдады.