Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Динара Тілендиева италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Фото ашық деректерден