Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендейді
04.04.2022
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов мәлімдеді.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррельді құрайды деп жоспарланған болатын.
— 2 миллион баррельге төмендейді. Барлығы 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр, — деп түсіндірді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін Қуантыров республикалық бюджетке көктемгі түзетулерде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде белгіленгенін айтқан.
Фото ашық деректерден
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России
ЕАЭС: развитие контейнерных перевозок в евро-азиатском сообщении