Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Видеоны облыс әкімінің баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады.
Әуежайда бұрынғы басшы өзін шығарып салуға келген адамдармен тілдесті. Сапарбаев оларға өзінің және отбасының атынан алғыс айтып, кешірім сұрады. Бұрынғы әкім көзіне жас алды.
— Мені қолдап, келгендеріңіз үшін рахмет. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, кешірім сұраймын. Мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшімді салдым, — деді экс-әкім.
Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. Өңірдің жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.
Более 116 млрд тенге: итоги сельхозпроизводства в Атырауской области
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России