Қазақстанда АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі артады

Қаржы министрлігі «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады.

Заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 20 191 теңге (қазіргі уақытта — 19 450 теңге);

ең төменгі зейнетақы мөлшері-48 032 теңге (қазіргі уақытта — 46 302 теңге);

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 180 теңге (қазіргі уақытта — 3 063 теңге);

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 37 389 теңге (36 018 теңге) құрайды.

Құжатпен ресми сайтта танысуға болады. Заң жобасын талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.