Қазақстан ресейлік CБЕР-мен цифрлық үкімет құру туралы келісімнен бас тартты. Нұр-Сұлтан бұл жобаны отандық IT-мамандарымен бірігіп, өз күшімен жүзеге асырады.
Азаттық мәліметінше, бұл жөнінде жұма күні цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин хабарлады.
— Геосаяси жағдай мен өз мүмкіндіктерімізді саралағаннан кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен бірігіп, отандық IT-платформада өзіміз жүзеге асырамыз деп шештік. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Отандық жүйеге екі-үш жылдан кейін көшеміз, осы жылдың соңына дейін алғашқы сервистері дайын болады, — деді Жамбакин.
Фото ашық деректерден
Более 116 млрд тенге: итоги сельхозпроизводства в Атырауской области
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России