Дархан Ахмадиев Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
— Ахмедиев Дархан Мейрамұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігінде және ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеді.
Кейіннен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.
2020 жылы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалды.
2020 жылғы 20 қарашада цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.
Фото ашық деректерден
Мужчина справил нужду в подъезде многоэтажки в Астане
Как будет проходить реконструкция “Медеу”
Босса «Вильярреала» оскорбило, в какой манере ему сообщили об отмене матча в США
Спикер сената предложил судить авторов фейковых видео
Итальянские арбитры обслужат «золотой» матч в КПЛ
Премьера первого сольного стендапа Данияра Алшинова - 23 октября на Freedom Media
Россия и Казахстан: 33 года стратегического партнёрства и союзничества
Украденные из Лувра драгоценности оценили в десятки миллионов евро