Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан 2022 жылы трансфертті 4 триллион теңгеге дейін ұлғайтуды мақұлдады.
— Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін 4 триллион 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Тұтастай алғанда, қаражат мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталуда, — деп хабарлады Мәжіліс отырысында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Депутаттар «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасына дауыс берді.
Еске салайық, Үкімет Ұлттық қордан 2022 жылға арналған республикалық бюджетке трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Фото ашық деректерден
Мужчина справил нужду в подъезде многоэтажки в Астане
Как будет проходить реконструкция “Медеу”
Босса «Вильярреала» оскорбило, в какой манере ему сообщили об отмене матча в США
Спикер сената предложил судить авторов фейковых видео
Итальянские арбитры обслужат «золотой» матч в КПЛ
Премьера первого сольного стендапа Данияра Алшинова - 23 октября на Freedom Media
Россия и Казахстан: 33 года стратегического партнёрства и союзничества
Украденные из Лувра драгоценности оценили в десятки миллионов евро