Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
Қолда бар ақпарат бойынша, Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айыпталды. (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігі).
Еске салайық, ақпан айында Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде жазба жариялап, оны жауап алуға шақырғанын жеткізген. Айта кетейік, Бас прокуратурадан ресми ақпарат шыққан жоқ.
— Ақыры мені жауап алуға шақырды. Иә, куәгер ретінде қаңтардағы оқиғалар бойынша жауап алу, — деп жазды ол.
Фото ашық деректерден
Более 116 млрд тенге: итоги сельхозпроизводства в Атырауской области
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС
Единую базу дипломов для проверки на подлинность создали в Казахстане
Авария на мосту унесла жизни двух человек
Повышенная ставка индивидуального подоходного налога упразднена в России