
Ресей соты Meta компаниясын «экстремистік» деп танып, компанияның Facebook Instagram желілерін бұғаттауға ресми түрде шешім шығарды. Ресейде Facebook наурыздың басынан бері, Instagram 14 наурыздан бері бұғатталған.
— Мәскеудің Тверь аудандық соты Бас прокуратураның шағымын қарады және Meta — Facebook, Instagram және WhatsApp-тің бас компаниясы — «экстремистік ұйым» деп таныды, — делінген хабарламада.
Meta адвокаты Виктория Шакина бұл шешімге қарсы.
— Meta саясаты Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы зорлық- зомбылыққа шақыруға жол бермейді, — деді Шакина.