
Тоқаев Қырғызстанға жеделхат жолдады
31.08.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдап, Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.
Похожие материалы (по тегу)