ҰҚҚ Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу туралы ақпарат таратты.
2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.
"Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болуда", делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.
Сурет: ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі
Международный конгресс молодых ученых прошел в Алматы
Смертная казнь в Кыргызстане: Конституционный суд отказал в восстановлении нормы
Масуд Пезешкиан поблагодарил за теплый прием в Астане
Когда лекарство становится риском: как устроена безопасность фармакотерапии и почему она касается каждого
Я родилась 16 декабря
Переезд без потери пенсии: казахстанцы смогут перевести накопления в Монголию
В Астане прошел первый тренинг для СМИ в рамках проекта "Закон и порядок"
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области