Зейнетақы ақшасын басқару қайта қаралады

Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаруға қойылатын талаптар қайта қаралмақ, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк LS-ке қазіргі уақытта қазақстандықтардың жинақтарды сенімгерлік басқаруға беруге мүдделілігін арттыру бойынша ұсыныс пысықталып жатқанын айтты. Бұл жұмысты ҚР-ның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бас банкпен, Үкіметпен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және кәсіби қатысушылармен бірлесіп жүргізеді.

"БЖЗҚ активтерін жеке басқарушылардың қызметін бағалау кезінде нарықтық эталонға көшу мәселелері қаралуда. Оның шеңберінде консервативті, орташа және тәуекелді инвестициялық стратегиялары бар портфельдерді, сондай-ақ, жеке компаниялардың басшылығымен зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, сақтау бойынша мемлекеттік кепілдікті кеңейту мүмкіндіктерін көздеу жоспарлануда", — деп атап өтті қаржы құрылымында.

Ұлттық банк осы бастамалар бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

Бұған дейін, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова БЖЗҚ активтерін басқаруды ашық ету қажеттігі туралы айтқан болатын. Сонымен қатар ол қаржы реттеушілерімен осы бағыттағы бірқатар мәселелер талқыланып жатқанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі қазақстандық қаржыгерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің зейнетақы жүйесін реформалау туралы ұсыныс жолдаған болатын. Кейінірек БЖЗҚ осы сарапшылар тобы айтқан өзгерістерді ұсынды.

зейнетақы ақша басқару