"Найзағай, жаңбыр, жел": Алдағы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ел аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың көп бөлігінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды.

ауа райы жел жаңбыр