Шамалғанда газ бағасына наразы жұрт әкімдікке келді

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының Қайрат, Арай, Шамалған, Еңбекші, Құмарал ауылдарының тұрғындары Шамалған ауылдық округі әкімдігіне алдына жиналды. Олар газ бағасын арзандатуды талап етті.

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың Сигма Газ ЖШС ұсынатын көгілдір отын тарифтеріне наразылық білдіруге жиналғанын растады.

Ақпаратқа сәйкес, ауылдағы табиғи газ үшін тариф 34,75 тг/м3 құрайды, салыстырмалы түрде Қаскелең қаласындағы газ тарифі 26,89 тг/м3 құрайды. Желтоқсан айында газ тұтыну сомасы 1,5-2 есе өскен.

Тәуекел ЖШС, Алматыгазсервис-Холдинг АҚ және Сигма Газ ЖШС аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етеді.

– Газ жеткізуші «ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Энергетика министрлігінің 172 бұйрығына сілтеме жасай отырып тарифті көтерді . Бұл ретте монополияға қарсы ведомствомен тек тасымалдау үшін келісім жасалған. Осы фактіні ескере отырып, тұрғындармен жиын барысында аудан әкімдігі, аудан прокуратурасы, Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар департаменті және «Сигма Газ» ЖШС тарифін тексеру бойынша қоғамдық өкілдерден тұратын жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. 25 қаңтарға дейін комиссия атқарылған жұмыс туралы есеп береді, – деп хабарлады аудан әкімшілігі.

https://t.me/kzexclusive