Алматы қаласында саясаттанушы Руслан Ақмағанбеттің «Алаш демократиясы» деп аталатын кітабының таныстырылымы өтті. Жобаның негізгі жетекшісі – баспагер Бақытжан Бұқарбай.
Меломан кітап сауда дүкенінде өткен автормен кездесу кешіне оқырмандар мен ұстаздар көптеп жиналды. Кітапты таныстыру рәсімінде Бақытжан Бұқарбай бірінші болып сөз алып, көпшілікті кітаптың негізгі идеясы мен жасалған жұмыстар турасында хабардар етті.
Баспагердің пікірінше, қазіргі кезде оқырманның «уақыты» аз. Кітаптың ерекшелігі – қарапайым түрде, жатық тілде жазылғаны. Сондай-ақ
Алашорда туралы көптеген кітаптар жарық көріп жатыр.
– Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бұл ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Бірқатар зерттеулер мен мұрағаттық деректертерге сүйене отырып жазылған дүниелер жарық көрді. Біздің кітабымыздың не ерекшелейді? Ең алдымен, кітаптың масс-маркетке арнап жазылғаны ерекшелейді. Өйткені Алашорданы, Бөкейхановты, Байтұрсыновты бәріміз білеміз. Көбі атылып, репрессияға ұшырады. Олардың идеясы қандай болды? Біз сол дүниені қарапайым тілде оқырманға жеткізгіміз келді, – деді Бақытжан Бұқарбай.
Кітап 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – бостандық мәселесі. Екінші – биліктің теңдігі. Үшінші – саяси қатысу, азаматтардың саяси белсенділігі.
– Қазіргі күні мажоритарлы сайлау кезінде екі кандидат сайлауға түссе, біреуі 60 пайыз дауыс жинап жеңіске жетеді. Екіншісі 40 пайыз дауыс жинап жеңіледі. Бірақ жеңілген 40 пайыздың қоғамда үлесі бар ғой. Алаш зиялылары XXғасырдың басында осындай мәселелерді қозғаған. «Олардың да айтары бар, мұң-мұқтажына қарау керек» деген дүниеге мән берді. Біз алаш зиялылары туралы айтқанда оларды әсіре ұлтшыл ретінде түсінеміз. Олар либерал болды. Біз осы мәселелерді кітап жазу барысында оқырманға жеткізуге тырыстық, – деді автор.
Кітаптың таныстырылу кеші сұрақ-жауап айдарына жалғасты. Оқырмандар ұсыныс-тілегін ашық айтып, автор мен жоба жетекшісіне сұрақ қойды.
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
Приманка с детскими креслами на дорогах Казахстана: что говорят в МВД
Казахстан завоевал 68 медалей на V юношеских Азиатских Пара играх
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению