
Адвокат Абзал Құспан Мәжіліс сайлауына қатысады. Бұл туралы адвокат Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Мәжіліс депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан бір мандатты округке өзін-өзі ұсыну (самовыдвижение) тәртібімен кандидат ретінде өтініш бердім. Екі аптаның үстінде жағдайды зерттеп, он ойланып, тоғыз толғанып барып шешім қабылдадым, – деп жазды ол Facebook-те.
Абзал Құспан – белгілі қазақстандық адвокат және қоғам қайраткері.
Айта кетейік, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді.