
Жеті партия Мәжіліске кандидаттарды ұсыну туралы Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Exclusive.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясына саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылған.
Тізім:
- «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
- «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.
