
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы елдегі орташа жалақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстандағы жалақының орташа мәні (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады.
Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры орташа жалақы мөлшері қалай есептелетінін түсіндірді.
– Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз. Деректер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай ұсынылғанын атап өту қажет, – деді Наталья Белоносова.
Айта кетейік, өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді (35,2%). Ең төменгі өсім Алматы облысында – 6,5%.