Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Бүгін мұзбалақ ақын, заңғар тұлға, қазақтың біртуар ұлы Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақиық ақын 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүние есігін ашты.
Әжесі мен анасының тәрбиесінде өскен ақын 1962 жылы әдеби ортаға жақындайды. Алматыдағф Шет тілдері институты, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті, Мәскеудегі М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында білім алған ол кейін лауазымды қызметтер атқарды.
Мақатаев «Социалистік Қазақстан» газеті, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында жұмыс істеді.
Мұзбалақ ақынның туған күні турасында түрлі даулы пікірлер айтылады. «Мұқағали наурыз айында туған» атты сұхбатта ақынның анасы Мұқағалидің туған күні 8 наурыз екенін айтқаны туралы ақпарат бар.
– Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-жұлдызында дүниеге келген. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі, балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, – дейді ақынның анасы.
Өмірін өлеңмен өрнектеген ақынның шығармашылығы жоғары деңгейде дәріптеліп келеді. Ақынға арнап көркем фильмдер түсірілді. Оның құрметіне музей ашылып, мектептерге Мақатаевтың есімі берілді.
Фото e-history.kz
Иностранцы застряли на трассе в снегу
Достижения Независимости: как Туркестанская область реализует поручения президента
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению