
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Бүгін Теңіз кен орнында «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымының қызметкерлері ереуілге шықты. Жұмысшылар инфляцияға сәйкес жалақыларын көтеруді талап етеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жұмысшылар 300 мың теңге бонус алған, бірақ олар 500 мың теңге төлеуді талап етеді. Бұған ТШО мердігерлік ұйымдары өз қызметкерлеріне бонус төленетіні туралы берген уәдесі себеп болып отыр.
– 11 ақпанда Теңізшевройл ЖШС «Сенімді Құрылыс» мердігерлік ұйымының қызметкерлері біржолғы сыйақыға алаңдаушылық білдіргені белгілі болды. ТШО-ға мердігер компанияның басшылығы мәселені шешу үшін дереу әрекет ететіні туралы хабарланды. Осы мәселе бойынша барлық сұраулар компанияның басшылығына жіберілуі керек, – деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі.
