
Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасап, Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындарына онлайн білім беруге тапсырма бергенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Өздеріңізге белгілі болғандай, 6 ақпанда Түркияның Оңтістік-Шығыс аймағында орын алған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады.
Айта кетейік, Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес. Онымен қоса, Түркияда тұрып, сабақты онлайн жалғастыра алады, – деп жазылған Елшілік мәліметінде.
