Қарағандыда оқушылар Қазақстан тарихы туралы комикстер шығарды

Қарағандылық оқушылар «Қазақ хандығы» комиксін шығарды. Комикс авторлары – Нұрмақов атындағы лицей-интернатының 11-сынып оқушылары, деп деп хабарлайды Exclusive.kz

– Мен оқушылардың «Наруто» анимесіне қызығушылық танытатынына назар аудардым. Жоғары сынып оқушыларына қазақ комикстерін жасауды, бірақ кейіпкерлерді аниме стилінде бейнелеуді ұсындым. Мені 11 сынып оқушылары қолдады. Өткен жылдың қараша айында біз «Қазақ хандығы» атты алғашқы комикс шығардық. Ол 20 беттен тұрады. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы негізге алынды, – деді тарих пәнінің оқытушысы Әсем Тарыбаева.

Қазір балалар Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Алаш зиялылары» журналын дайындап жатыр. Жылына төрт комикс шығару жоспарланған.

Айта кетейік, қазір мектепте комикстер клубы жұмыс істейді, клубта 15 оқушы жаңа жанр түрлерін игеріп жатыр.