
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барып, Академия курсанттары алдында сөз сөйледі.
– Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттайтын боламыз, – деді Тоқаев.
