Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Қазақстан парламентінің қос палатасы «Тұңғыш президент – Елбасы» заңының күшін жою мәселесін қарау үшін жиналды.