Челахтың ісін толық зерттедік, не айтқысы келетінін білмеймін – Алдажұманов

ҰҚК басшысының орынбасары-шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Владислав Челахтың ісіне қатысты пікір білдірді.

Журналистер ҰҚК өкілінен Челахтың мәлімдемесіне түсініктеме беруін сұрады, Челах бұған дейін 2012 жылы Арканкергендегі оқиға туралы барлық шындықты айтқысы келетінін мәлімдеген.

– Мұнда түсініктеме беру артық деп ойлаймын. Бұл оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды, менің ойымша, олар оны толығымен зерттеді. Қазір жаңадан не айтқысы келгенін білмеймін. Қылмыстық іс жүрді. Тергеу толық көлемде жүргізілді және бұл нәтижелер логикалық соңына дейін жеткізілді. Ал егер жаңа мәлімдемелер болса, оны да қарастырайық, өйткені мен оның қазір не айта алатынын білмеймін., – деді Алдажұманов.

Еске салайық, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасы бойындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 әскери қызметші және бір орманшы бар. Бұл оқиғаға мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз кінәлі деп танылды.