Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды.
ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды, деп хабарлайды Exclusive.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства