Алматыдағы тұрғын үйлердің үштен бірі 9 балдық жер сілкінісі кезінде қирауы мүмкін.
Мұндай болжамды Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ықтимал зілзала кезіндегі ең қауіпті аудандар – Медеу және Бостандық. Түрксіб ауданы ең қауіпсіз болып саналады.
Оның айтуынша, Алматы қаласы тектоникалық плиталардың қауіпті жерінде орналасқан. Айта кетейік, бүгін Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді.
– Алматының еліміздегі сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі екендігімен келісемін. Қала 27 тектоникалық плиталардың қауіпті жерлерінде орналасқан. Мегаполисте қатты зілзала болған жағдайда шаһардың 60-70 пайызы қирайды дегенге келіспеймін. Болжамды мәліметтерге сүйенсек, 9 және одан да жоғары балдық жер сілкінісі болған кезде тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін, – деді Күлшімбаев.
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД