Назарбаев америкалық саясаткерлерге аса құнды сағаттар сыйлаған

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев американдық саясаткерлерге қандай сағаттар сыйға тартқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Exclusive.kz PROTENGE Telegram-арнасына сілтеме жасап.

– Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джон Ордвейге құны 9995 доллар Blancpain сағатын сыйға тартты. Қымбат сағаттарды американдық хаттама бастығының басқармасы Астанадағы елшіліктен дипломатиялық пошта арқылы алды. Өйткені АҚШ-та шенеуніктер шетелдік әріптестерінен алған сыйлықтарын декларациялауға және мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға міндетті, әйтпесе сыйлық пара болып саналады. Егер зат ұнаса, американдықтардың оны сатып алу мүмкіндігі бар, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе біздің елімізде жоқ. Telegram-арна мәліметінше, ең қымбат сыйлықты Дик Чейни иеленген.

– Небәрі 20 жыл ішінде біз АҚШ өкілдеріне құны 101 995 доллар немесе 45 млн астам сыйлықтар бердік. Ең қымбат сыйлықты Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы АҚШ вице – президенті Дик Чейниге сыйлады, — деп жазылған хабарламада.